Бағдат Мусин: ХҚКО-на ескертпей барып, жағдайды өзім бақыладым
Сурет Мусин Бағдаттың фейсбук парақшасынан алынды
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО-да болып, Facebook-те алған әсерлерімен бөлісті.
« Өткен аптаның соңында ХҚКО-ға клиент ретінде бардым. Алайда, ХҚКО-ларда барлығы да қалағандағыдай емес!
Менің күтпеген кезде баруым - жалпы процеспен танысудың ең тиімді әдісі екенін тағы да түсіндім.
1. ХҚКО жанында дүкенше келген орындарда «көмекшілерге» тап болдым, онда ЭЦҚ шығаруға және egov қызметтерін алуға АҚША арқылы көмектеседі! Пандемияның өршуі кезінде ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жабылды, бірақ қазір бұл дұрыс шешім емес екенін байқауға болады. Әрине, сол дүкенше келген орындарда адамдар топталуда, жұқтыру қаупі ешқайда жойылмады. Сондай-ақ, енді ақысыз алынатын қызметтері үшін ақша төлеуге тура келуде.
Бір апта ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық аймақтарын қалпына келтіруді тапсырдым! ХҚКО-да пандемиямен күресуге жай ғана түр көрсете салмай, санитарлық жағдайларды жасау мен бақылау жүргізу жұмыстарымен айналысу дұрысырақ.
2. ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес
Санитарлық тораптарға жедел түрде жөндеуге қаржы бөлу, оларды әр сағат сайын суретке түсіру тәжірибесін енгізу, басшыларға және ахуалдық орталыққа фото жіберу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өңірлік және аудандық басшыларын жеке жуынатын бөлмелері бар сәнді кабинеттерден айыруды тапсырдым. Басшы клиентпен бірге бір санитарлық торапқа баруы тиіс. Осы жағдайда ғана басқаша болады деп ойлаймын.
3. Тіркеу орны жанындағы топталу. Бұл талонды кеңес алғаннан кейін ғана берілетіндіктен пайда болады. Сонымен қатар, анықтамаларды басып шығару үшін кемінде 5 адам келеді.
Сұраныстағы қызметтер бойынша барлық «куәлікті жоғалтқан кезде не істеу керек?», «сіздің пәтеріңізде тіркеуде таныс емес адам табылған кезде не істеу керек?» және т.б. кеңестермен жеке лендинг-парақтарын жасау керектігі шешілді.
Ал анықтамаларды басып шығару үшін бұрынғы сүйікті ақпараттық киоскілер кері қайтарылады, онда куәлікті қоюға, оны сканерлеуге және кез келген анықтаманы басып шығаруға немесе қызметке өтінім беруге болады.
4. Жеке куәлікті қалпына келтірдім. Суретке түсірген кезде, суретке қарау үшін адам оператордың мониторында тұруға және көруге мәжбүр. Әлбете, бұл ыңғайлы емес.
Барлық орындарда екінші мониторды қою шешілді! Бұл шешім негізінен 2013 жылы стандартта бекітілді! 2013 жылы енгізілген шешімді қалпына келтіру керек!!!
5. Құжаттың қашан дайын екенін білу үшін қазір ХҚКО-ға қоңырау шалып, білуге тура келеді ;( Дегенмен 2008 жылы Тимур Жүнісовтың ұсынымы бойынша құжаттардың дайын екендігі туралы смс-хабарлама және оларды алып кетуге болатыны туралы хабарлама жасалды.
Қысқа мерзімде клиенттерге смс-хабарлама бойынша сервис қалпына келтірілетіні шешілді!
6. Брондау кезегі - қандай да бір қажетсіз нәрсе. Сіз алдын-ала брондауға тапсырыс беріп, келгенде, бөгде адам бронь жасамай, айхай-шу көтеріп, өтіп кетеді.
Фокус-топ (әр түрлі жастағы адамдар кіреді) брондауды пайдалана алатын кезде ғана жасау міндеттілігі шешілді!
Бұрын ХҚКО-ға бармағаныма кешірім сұраймын.
ХҚКО-ға барудың қажетілігі болмас үшін барлық қызметтерді онлайн түрде көрсетуге ауыстыруды ойладым. Алайда, ересек буын үшін ХҚКО-ға бару әлдеқайда дағдылы екенін мойындаймын. Сондықтан қызмет көрсету кезінде ыңғайлы болуына бұдан әрі жұмыс істейтін боламын! », - деп жазған болатын жазбасында.
Жаңалықтар
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды