Бағалы заттар мен әшекейлер: Жаңа орынбасар туралы не белгілі?
30 жастағы Айнұр Серғазиеваның мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалуы қоғамда резонанс тудырды.
Әлеуметтік желілерде Серғазиеваның Instagram-да жариялаған фотосуреттері белсенді талқылануда. Соңғы төрт жыл ішінде ол Тайланд, Грузия, Франция, БАӘ, Әзірбайжан, Украина, Түркия, Ресей және Эстонияда елдеріне саяхаттаған. Ол осы сапарлардың әрқайсысы туралы оқырмандарға айтуды ұмытпай, өз парақшасына жариялап отырған.
Сонымен, МҚІА-ға тағайындалғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Серғазиеваның жазбаларын тағы бір рет қарап шығып, оның қымбат заттар сатып алғанына назар аударды.
Мысалы, үш ай бұрын Серғазиева БАӘ-дегі Рас-Эль-Хайма қаласында түскен өзінің суретін жариялады. Онда ол Louis Vuitton және Victoria’s Secret тауарларымен суретке түсіп, желіде жариялаған.

Бір фотосуретте ол зергерлік бұйымдармен суретке түседі. Желі қолданушылары сақиналардың, білезіктер мен алқалардың құнын тез анықтады. Мәселен, егер Серғазиеваның көрсеткені көшірме бұйым болмаса, онда Tiffany&Go брендінің жүрек пішінді алқасы қазіргі бағам бойынша 310 мың теңгеден астам тұрады. Ал Tiffany&Go білезігі – 145 мың теңге.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, егер бұл Tiffany&Go-дің қымбат әшекейі болса, 1-1,5 караттық гауһар сақина 25 миллион теңге тұрады. Бірақ Серғазиева көшірме бұйымды таққан болса, онда сақинаның құны айтарлықтай төмендейді. 1,8 миллион теңге тұратын сөмке де көшірме болу мүмкін.

Серғазиеваның жеке басына қызығушылық көбейгеннен кейін оның Instagram-дағы парақшасынан кейбір фотосуреттері өшірілді. Мысалы, Дубайдан «Ақша құртып, «күліп жүретін» ететін көңіл күйдемін» деп жазылған.

Сонымен қатар, саясатанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында өздерін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерімін деп таныстырған азаматтар Серғазиеваны моральдық-этикалық нормаларды бұзып, психологиялық қысым көрсетті деп айыптаған үндеу жариялады. Хатта Серғазиеваның «Зерде» холдингінің төрағасы Арман Әбдірәсіловтың «командасының адамы» екені де айтылған.
«Серғазиева А.К. қоғам басқарма төрағасының орынбасары (қаржылық, әкімшілік-шаруашылық қызметке жетекшілік ету) қызметіне тағайындалды. Оның тек басқарушылық жұмыс тәжірибесі ғана емес, тіпті жетекшілік ететін бағытта тәжірибесі жоқ. Бұрын компанияда басқарма басшысы болып жұмыс істеген. IT маманы. Оның білімі жетекшілік ететін бағытқа сәйкес келмейді: «радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бар. Серіктестіктің заң қызметінің бірнеше рет ескертулері Сергазиева А.К. біліктілік талаптарына сай келмейтіні ескерілмейді» деп жазады үндеу авторлары.
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінде олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқы арқылы қоғам тарапынан сын тудырмау, қарапайым болу және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажет делінген.
Айнұра Серғазиеваның өз басының төңірегінде болып жатқан келеңсіздік пен кереғар қауесеттерге қатысты пікірін білу үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне жүгінген едік. Бізге бұл мәселені басшылыққа тапсыруға уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық