БҰҰ Украинада қаза тапқандар мәліметін жариялады
БҰҰ Украинада соғыс басталғалы бері болған құрбандар тізімін жариялады, оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар.
24 ақпан мен 14 наурыз аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасы (АҚЖБ) 1834 бейбіт тұрғынның қазасын тіркеді. Жалпы қазап тапқан 691 адам, оның ішінде 48 бала; 1143 адам зардап шекті, оның 62-сі балалар.
Бейбіт тұрғындардың қаза болуы немесе жарақат алуы тіркелген жағдайлардың көбінің себебі кең соққы аймағына лайықталған жарылғыш құрылғыларды қолдану, соның ішінде ауыр артиллериядан және бірнеше зымыран жүйелерінен атқылау, сондай-ақ зымырандық және әуе соққылары болғаны атап өтілді.
Бұл статистика соғыстың құжатталған құрбандарына ғана қатысты. БҰҰ нақты шығындардың әлдеқайда көп екенін атап көрсетеді.
Ұйымның мәліметінше, соғыс басталғалы Украинадан үш миллионнан астам адам басқа елге ауып кеткен. Олардың ішінде 57 000-ға жуық үшінші елдердің азаматтары бар. Тек Польшаның өзінде 1,8 миллионнан астам босқын бар.
— Бүгін біз тағы бір қорқынышты белесті еңсердік: үш миллион босқын Украинаны тастап кетті. Соғыс тоқтауы керек. Дәл қазір, - деді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.
Әр минут сайын Украинаның 55 баласы босқынға айналады. Қақтығыс басталғалы Украинадан бір жарым миллион бала кеткені айтылады: күніне 75 мың қыз бен жігіт босқынға айналады. Оның үстіне көбі оқ пен өрттен қашып, ел ішінде ары-бері сенделіп жүр.
Бұған қоса, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) басшысы Дэвид Бисли Украинадағы қақтығысқа байланысты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын планетадағы миллиондаған аш адамдарға арналған азық-түлік рационын 50 пайызға қысқартуға мәжбүр екенін айтты.
Мухаммед Әміржан
Жаңалықтар
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %