Бөтеннің атынан кредит рәсімдейтін алаяқтардан сақ болыңыз!
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атыңызда өзіңіз рәсімдемеген несиенің бар екенін білген жағдайда қалай әрекет ету жөнінде кеңес берді.
Агенттік алаяқтар азаматтардың дербес деректерін ұрлап алуға мүмкіндік беретін түрлі схемаларды ойлап тауып, өз мақсаттарына пайдалана алатынын ескертті.
Өзіңіз білмейтін кредит бар екенін анықтаған жағдайда не істеу керек?
1. Егер сіз берешегіңіздің бар екені туралы коллектордан білсеңіз, ең алдымен сіздің атыңызға кредит ресімдеген кредиттік ұйымның атауын табыңыз.
2. Мемлекеттік кредиттік бюроға немесе Бірінші кредиттік бюроға дербес кредиттік есеп алу үшін жүгініңіз, оны электрондық үкіметтің порталынан ЭЦҚ арқылы да алуға болады.
3. Осы кредиттік ұйымға өтініш жазыңыз, өтініште міндетті түрде сіз олармен келісімшарт жасамағаныңызды және ақша алмағаныңызды айтыңыз. Осы ұйымнан кредит берілген құжаттардың көшірмелерін талап етіңіз: шарт, оған қосымшалар және растайтын құжаттардың көшірмелері, ақша аударылған шоттың деректемелері және шартты ресімдеген қызметкердің деректері.
Өтініште кредит беруші мекемеден ішкі қызметтік тергеу жүргізуді және борышты талап етуді тоқтатуды талап етіңіз. Тіркеу нөмірі және өтінішті қабылдаған күні бар өтініштің көшірмесін жасаңыз.
4. Кредит беруші ұйым құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдана аласыз.
5. Өзіңізде бар барлық мәліметтерді көрсете отырып және құжаттарды қоса тіркеу арқылы ресми өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз.
Егер кредиттік ұйым алаяқтардың сіздің куәлігіңіз бойынша ақша алғандығы туралы дәлел таппаса, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен тұрғылықты жеріңіздегі сотқа беруге болады.
Сіздің пайдаңызға сот шешімі шыққан жағдайда, кредиттік ұйым:
— сізден қарызды төлеуді талап етуді тоқтатуы;
— берешекті есептен шығаруы;
— кредиттік бюроға сіздің кредиттік тарихыңыздан бөтен қарыз жөніндегі ақпаратты алып тастау туралы хат жолдауы тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық