Бұрынғы вице-министр Байжүнісовке қарсы қылмыстық іс тоқтатылды
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
– 2021 жылғы 15 желтоқсанда жоғарыда аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1 - бөлігі 1-тармағының тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаймыз, - делінген тілшінің сауалына берілген ресми жауапта.
2020 жылдың қыркүйегінде бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі, «дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған еді.
Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы вице-министрге электронды бақылау білезігін кигенін мәлімдеді. Істің басқа егжей-тегжейлері тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық