Бұрынғы КСРО елдері Ресей үшін маңыздылығын ешқашан жоғалтпайды - Ресей СІМ
Қазақстан мен бұрынғы КСРО-ның басқа да елдері Ресейдің геосаяси маңыздылығын жоғалтпайды, деп мәлімдеді РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко.
Руденконың айтуынша, Ресейдің көршілері арасындағы қарым-қатынасында қорқыныш факторы жоқ.
«Қандай жағдайда да, бұл елдер қайда жүрсе де, олар қалай дамып жатса да, геосаяси мазмұнға қарамастан, біздің геосаяси басымдықтарымыздың арасында ешқашан маңыздылығын жоғалтпайды. Бұл біздің бұрынғы ортақ кеңестік өткеніміздің бір бөлігі» деді Руденко «Валдай» халықаралық пікірталас клубында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, егер көршілер шын мәнінде тәуелсіз егеменді саясат ұстанса, онда Ресейдің мүддесі толық қамтамасыз етілетін еді.
«Ресейдің болашағы осы елдермен бірге. Біз осы маңызды ортаның толық құндылығы мен маңыздылығын сезіне отырып, осы бағытта әрекет етуді жалғастырамыз».
Осы жылдың қазан айында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Российская газетаға» жазған мақаласында «соңғы уақытта біз Қазақстанның орыстілді азаматтарына қарсы ксенофобияның бірқатар резонансты көріністеріне куә болдық» деп жазды.
Қазақстандық депутаттар мен шенеуніктер бұл мәлімдемелерге еш жауап қатпады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық