Бұрынғы Білім министрі Шәмша Беркімбаева дүниеден озды
Фото: Ашық дереккөзден
80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, ғалым Шәмша Беркімбаева көз жұмды.
Шәмша Беркімбаева 1942 жылғы 10 қазанда Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1966 жылы Алматы облысындағы Киров атындағы сегіз жылдық мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастаған. 1968-1970 жылдары Алматы кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бөлім басшысы, 1971-1977 жылдары Қаскелең аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1977-1987 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Қайраткер-ғалым 1987-1989 жылдары Алматы қаласындағы №12 орта мектебінің директоры, 1989-1997 жылдары ҚР Білім министрлігінің орынбасары, 1997-1998 жылдары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасыньң елшілігінің бірінші хатшысы болды. 1998-1999 жылдары Алматы облыстық Оқу бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты. 2002-2003 жылдары ҚР Ғылым және білім министрі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусым айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болды. Ш. Беркімбаева – Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерінің иегері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық