Бәрі Назарбаевқа келіп тіреледі - Әбдіғалиұлы қаңтар оқиғасы туралы
Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам мен мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы қаңтар оқиғасының артында Елбасы тұр деген болжамға сенетіндерін Qasqa Jol бағдарламасында айтты.
Еске салсақ, 16 наурыздағы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қасіретті қаңтардың артында лауазымды адамдар тұрғанын айтқан. Бірақ әлі де нақты адамдардың есімі аталмады.
«Елдің жағдайын білеміз. Қауіпсіздік кеңесі кімге бағынғанын білеміз. Не себепті бұл жағдайдың орын алғаны белгілі. Қалай болғанда да істің бәрі сол кісіге (Нұрсұлтан Назарбаевқа) барып тіреліп тұр. Менің ойымша, оның төңірегіндегілердің бәрін тазартады. Ар жағында үлкен мәселе туындайды. Бұрынғы Президентке қалай баға береміз деген мәселе шығады. Менің ойымша осыған Тоқаев жауап беруі керек» дейді Сейдахмет Құттықадам.
Берік Әбдіғалиұлы бұл болжамға сенетінін, бірақ әлі тергеу нәтижесін күту керектігін айтты.
«Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кім ұйымдастырғаны анықталып, әлі айтылады. Әрине, саяси жағы бәрібір сол кісіге тіреліп тұр. Бірақ біз құқықтық мемлекет болғандықтан, шешімдер заң аясында қабылдануы керек. Егер дәлелдесек, олардың әкеткен ақшаларын қайтара аламыз. Дәлелдей алмасақ, ақшаны қайтаруға ешкім рұқсат бермейді. Халықаралық тұрғыда ешкім санаспайды. Әрине, басты мақсат – кінәлілерді қамап, әділетті шешім қабылдау. Сонымен қатар Қазақстаннан кеткен миллиардаған қаржыны қайтару керек.
Сондықтан бүгін үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Президент екі ай уақыт берді» деді Әбдіғалиұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық