БҚО әкімі сыбайлас жемқорлық туралы өз пікірін парақшасында жазды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қарамағындағы қызметкердің ірі пара алғаны үшін ұсталғаны туралы түсініктеме беріп, оған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жеке нөміріне хабарлауды сұрады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Заңсыз және оңай ақша алған жемқор адам тауардың бағасы туралы ойланбай оны оңай жұмсай береді. Бұл нарықтағы инфляцияға әкеледі. Яғни, жемқорлықты бағаның өсуінің бір себебі ретінде қарастыруға болады. Жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды» – деді БҚО әкімі өзінің Facebook парақшасында.
Сонымен қатар, облыс әкім сыбайлас жемқорлық туралы жазу үшін өзінің жеке нөмерімен бөлісті.
«Мен тағы да мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескертіп айтамын. Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін.
Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037 «Сыбайлас жемқорлық» деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!» – деді Ғали Есқалиев.
13 қазанда БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Ш» ЖШС директорынан конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткені үшін бұрын келісілген 170 млн теңгеден аса ірі мөлшерде – 134 млн теңге пара алды.
«Шенеунік Орал қаласындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын екі тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы нысаны бойынша атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қоюға көмектесті. Бөлім басшысы мен оның сыбайласы ұсталып, УҰИ-ға қамалды» – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық