БҚО-да жалған дипломы бар медбике 10 жыл бойы адамдарды емдеген
Батыс Қазақстан облысы Жанғала аудандық ауруханасында жалған білімі бар медбике он жылдай жұмыс істеген. Бұл фактіні мемлекеттік мекеме директоры қызметкерлердің білім сәйкестігін тексеру кезінде анықтады.
Айта кетейік, білім сәйкестігін тексеру кезінде медициналық мекеме өз қызметкерлерінің дипломын екі рет тексереді. Ол үшін диплом тізімдері мамандар даярлайтын және дайындайтын жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіледі.
– Дәрігерлік амбулаторияның 37 жастағы қызметкерінің ісінде медициналық колледжді бітіргені туралы дипломның көшірмесі болған. Бірақ ақпаратты тексергенде ондай түлек жоқ болып шықты. Әйел адам ол уақытта декреттік демалыста болған. Дипломның түпнұсқасын жоғалтып алғанын айтып, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл фактіні ескермеуге болмайды, - деді БҚО Жанғала ауданы орталық аудандық ауруханасының директоры Сержан Есенғұбеков.
Полицейлер бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жалған құжатты кім жасағаны анықталды. Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі («Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық