БҚО-дағы суға кеткен баланы іздестіру жалғасуда
Сурет: БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінен құтқарушылар пневматикалық матрац тапты. Баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.
Толқын тоғыз жасар баланы үрлемелі матраспен көлдің ортасына дейін алып кеткен. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілерден бөлек тікұшақ қосылғанын хабарлады. Олар матрасты тапқан. Баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.
Атасы қиналған балаға көмекке ұмтылған. Екеуі де хабарсыз кетті.
«22 маусым. Теректі ауданы, Сары өмір ауылы, Шалқар көлі. Суға түскен бала мен оның 65 жастағы атасы жоғалып кетті. Іздеу жұмыстарына тікұшақ қосылды» деп хабарлады ТЖД.
Кейін атасы көлдің қарсы бетінен тірі табылды. Немересін іздеп, көлді жүзіп өткен болып шықты.
Кеше БҚО Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар пневматикалық матрасты тапқанын хабарлады. Бала әлі табылған жоқ.
Қазір оқиға болған жерде төрт сүңгуір бригада жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық