БҚО-дағы инспектордың өліміне кінәлі кәсіпкер 1,4 жылға сотталды

cover Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында инспектор Серік Мәженовтың өліміне кінәлі адам 1,4 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот 44 жастағы кәсіпкер Ерлан Серікқалиевті бір жыл төрт айға бас бостандығынан айырды, ол жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтейді. Сот Серікқалиевті «Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тапты» делінген хабарламада.

Серікқалиев сотта барлығы абайсызда орын алғанын алға тартты. Бірнеше рет қарғаға оқ атылғаннан кейін, мылтық абайсызда өздігінен атылып, Мәженовты жаралаған. Кәсіпкер өлім аузында жатқан Мәженовтан ауруханаға жеткенше кешірім сұрап барған.

Мәженовтың туыстары сот үкіміне шағымданбайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар