БҚО-да тағы екі ауылды су басты
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны тағы бір ауданды, анығырақ айтқанда Жәнібекті басып жатыр. Бұл жерлерде еріген қар суы Таловка және Жақсыбай ауылдарының үйлеріне кіріп, жергілікті тұрғындардың берекесі кеткен.
Жақсыбай ауылы тұрғындарының айтуынша, көшедегі су 50 сантиметрге дейін жетеді. Ауыл тұрғындарының көпшілігінің үйлерін су басты. Қауіпсіз жерге шығарылған тұрғындар жергілікті мектепке орналастырылды, бірақ жіберілген суреттерге қарағанда, мұнда ешқандай жағдай жоқ – балалар мен қарттар еденде ұйықтап жатыр.

Тұрғындар Жақсыбайда көп мал қырылғанын, оның ішінде жаңа төлдердің шығындары көп екенін айтады.
«Жақсыбай ауылында 62 тұрғын үйді су басып, 637 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті балабақшада 305 адам болса, оның 89-ы балалар, қалғандары туыстарында. Таловка ауылында екі тұрғын үйді су басып, сегіз адам эвакуацияланды, оның екеуі балалар» делінген ТЖД хабарламасында.
Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілмегенін баса айтты.

Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте үш ауданда: Қаратөбе, Бөрлі және Шыңғырлау ауданында ауылдарды су басу салдарынан төтенше жағдай орын алған болатын.
Авторы: Абай Біржанов, БҚО.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық