БҚО-да шақалақты өлтірген ананың үкімі шықты
Бойжеткен нәрестені полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға лақтырып кетті, деп хабарлады «Менің қалам» порталы.
4 ақпанда №2 Казталов аудандық соты өткен жылдың 23 қарашасында жаңа туған баласын көшедегі дәретханаға тастаған 19 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды. Үкімді судья Айбар Бижанов жариялады.
Іс материалдарынан Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің екінші курс студенті 2020 жылдың қыркүйек айында досынан жүкті болып қалғанын білген. Алайда, қыз бұл туралы ешкімге айтпаған.
«23 қарашада қыздың іші ауыра бастайды. Шамамен сағат 16.00-де қыздың анасы дүкенге кетіп, ал қалған отбасы мүшелері өз бөлмелерінде болады. Ол дәлізге шығып, тірі сәбиді дүниеге әкелді. Бойжеткен есеңгіреген күйінде қайшымен нәрестенің кіндігін кесіп, нәрестені полиэтилен пакетке орап, түйінге байлап, жеке үйдің қорасында орналасқан көшедегі дәретханаға тастады. Осылайша, ол жаңа туған баласын өлтірді. Содан кейін дәліздегі қанды сүртіп, жуып, бөлмесіне жатты. Дүкеннен қайтып келе жатқан қыздың анасы оның өзін нашар сезінгенін көріп, күйеуімен бірге оны ауруханаға алып кетті. Медициналық мекеме оқиғаны анықтады»,- делінген үкімде.
Сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, өзінің жас жігітпен кездескенін айтты. Жүктілік туралы білген бойжеткен оны баланың әкесіне айтқан, бірақ ол бала үшін жауапкершілікті қабылдаудан бас тартқан. Ол ата-анасының қорқып, өзінің жағдайы туралы ешкімге айтпаған.
Сарапшының айтуынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айда тірі туылды.
Сот үкімімен Казталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық