БҚО тұрғындары жарықсыз, сусыз қалды
Батыс Қазақстан облысында 2,5 мың абонент пен 30 әлеуметтік нысанда электр қуаты жоқ. Сонымен қатар, бес елді-мекен сумен қамтамасыз етілмей қалды. Төтенше жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болды.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде өткен шұғыл брифингте атап кеткендей, бес ауданда - Бәйтерек, Жанғали, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау сияқты 16 елді мекен электр қуатымен қамтылмаған. Бұл жалпы 2 266 абонент болады.
«Апат ауа-райының қолайсыздығынан болды. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ТЖД.

Сондай-ақ, облыстың екі ауданында - Тасқалы және Бөкейордасында сумен жабдықтау үзілген.
«2 ақпан күні сағат 11-дер шамасында Тасқала ауданында Мереке ауылының маңында су қабылдайтын құдықтағы терең сорғы жанып кетті. Оған электр желісіндегі шамадан тыс кернеу себеп болды. Мереке және Қаймақ ауылдарының тұрғындары қараусыз қалды. Бұл шамамен 200 абонент. Бөкейорда ауданы, Кеной ауылының маңында тағы бір сорғы өртеніп кетті. Ұялы, Саралжан және Кеной ауылдарының тұрғындары сумен жабдықталған. Бұл 500-ден астам абонент. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде»,- дейді құтқарушылар.
Қазір облыста ауа температурасы нөлден жоғары, тұман және көктайғақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық