БҒМ ҚазҰПУ студенттерінің жатақханадан шығарылмайтынын хабарлады
Білім және ғылым министрлігі студенттерді ҚазҰПУ жатақханасынан шығару туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Студенттер оқу жылының соңына дейін жатақханада тұра алады» деді ведомстводағылар.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) жатақханасынан студенттердің шығарылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін студенттердің жатақханадан шығарылатындығы туралы хабарланған болатын.
— Қазіргі уақытта жатақханада тұрып жатқан студенттер оқу жылының соңына дейін тұра алады. Бұл мәселені Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы пысықтайды. Университет коменданттарына студенттерді шығармау туралы тапсырма берілді, - деді БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Студенттерді жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында, деп қосты ведомство.
Университет жатақхана салуға рұқсат алды. Жаңа ғимараттың салынуы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етілуін шешеді.
«Басшылық қаладағы студенттерді жатын орынмен қаматамасыз ету үшін қосымша орындар табу бойынша белсенді жұмыс жасауда. Оқу жылы басталмай тұрып жатақхана ғимараты жалға алынып, жатақханалармен меморандумдар жасалған» делінген ақпаратта.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық