Бүлдіршінді оқтаумен ұрған балабақша қызметкері видеоға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде тәрбиеші балалардың құлағын тартып, тіпті біреуінің ернін жыртып жіберген бейнежазба таралды. Қызу талқыланып жатқан бейнежазбадан балабақша тәрбиешісінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін көруге болады.
Бейнежазба авторы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Instagram-дағы ресми парақшасын белгілеген.
– Ерні жыртылған, денесінде қатты соққыдан алған іздер бар. Құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады, — деп жазды видео авторы.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық істің материалы Жетісу ауданының унитарлық кәсіпорнында өңделуде.
– Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеліп, тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, соған сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық