«Бұл қылмыс, геноцид»: Елге белгілі дәрігер вакцина туралы пікірін айтты
Былтыр пандемия өршіген сәттен бастап халыққа әлеуметтік желі арқылы емделу жолдарын көрсетіп, кеңес берген белгілі дәрігер Айна Бәкиева «Qasqa Jol» ютуб арнасында қонақта болды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сұхбат барысында вакциналау қаупі, Үкімет жүмысының қателіктері туралы айтылды. Дәрігердің айтуынша, вакцина салу уақытының қысқаруына себеп – екпелердің жарамдылық мерзімінің өтуі.
– Цой мырза 10 миллион доза вакцина алды. Оны ұятқа қалдырамыз ба? Тауысайық дейді. Қазір вакцина салу уақыты неге қысқарып жатыр? Менің ойымша, алынған вакцинаның мерзімі өтіп жатыр. Вакцинаның жарамдылық мерзімі 6 ай. Көктемнен бастап есептесек тамыз айы алтыншы айға сәйкес келеді. Бұл жердегі «математика» осындай. Бұл қылмыс, геноцид, - дейді дәрігер.
Айна Бәкиева Президенттің медицинаға өте көп қаржы бөлетінін айтып, халыққа көңіл бөледі деп ойлайтынын жеткізді.
– Мен Тоқаевқа бірқатар үндеу жасадым. Мен ғана емес бүкіл халық үндеу жасауда. Мен әлі күнге дейін Президент халықтың жағдайына көңіл аударады деп үміттенемін. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына өте көп қаражат бөледі. Ол денсаулық сақтау министріне, бас санитар дәрігерге, басқа да мамандарға тапсырма береді және сенеді. Қазіргі уақытта сенген адамдары ұятқа қалдырып отыр, - деді Бәкиева.
Сондай-ақ, дәрігер вакцина арқылы сынақ жасалып жатыр деп ойлайтынын да жеткізді.
– Семейде атом бомбасына сынақ жасаса, қазір вакцина арқылы сынақ жасап жатыр. Қандай айырмашылық бар? Оның үстіне адамдар өз аяғымен барып жатыр. Себебі, баруға мәжбүр, - дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық