Бұл теракт екеніне күмәнім жоқ – Тоқаев
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы мен Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельдің екіжақты келіссөздері бейне байланыс арқылы өтті. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстанның қазіргі ішкі саяси ахуалын және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.
Шарль Мишельдің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев елде болып жатқан оқиғалардың себептері мен мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат берді. Президент конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған лаңкестер мен қарақшылардың айуандық зорлық-зомбылық әрекеттеріне тоқталды.
Президент орын алған қайғылы оқиғаларды бұрын-соңды болмаған басқыншылық және мемлекеттігімізге қол сұғушылық деп атады. Ол лаңкестердің зорлық-зомбылық әрекеттерінен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың көптеген құрбандары болғанын, 1300-ге жуық кәсіпорынға зақым келгенін, 100-ден астам сауда орталығы мен банктерге шабуыл жасалғанын, 500-ге жуық полиция көлігі өртенгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекетке келтірілген экономикалық шығын алдын ала 2-3 миллиард долларды құрауы мүмкін.
– Бұл теракт екеніне күмәнім жоқ. Негізінен Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Ауғанстаннан келген шетелдік жауынгерлердің қатысуымен Қазақстанға қарсы жақсы ұйымдастырылған және жақсы дайындалған басқыншылық актісі. Таяу Шығыстан келген жауынгерлер де болды. Сондықтан Қазақстанда антитеррорлық операция басталды, - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің аумағына ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің орналастырылуын нақты түсіндірді.
– Мен олардың әскери операцияларға қатыспайтынын атап өткім келеді. Олардың негізгі міндеті – Алматы мен Қазақстан астанасындағы стратегиялық нысандарды қорғауды қамтамасыз ету. Бұл қазақстандық күш құрылымдарына лаңкестерге қарсы іс-қимылдарды жүргізуге мүмкіндік берді. ҰҚШҰ бітімгершілік күштері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік шартының 2 және 4-баптарына сәйкес орналастырылды. Жағдай толық тұрақтанғанша олар Қазақстанда қалады, - деді мемлекет басшысы.
Келіссөздер нәтижесінде сыртқы саяси құрылымдар деңгейінде тұрақты байланыстарды сақтау туралы келісімге қол жеткізілді.
– Біз сіздердің елдеріңіздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, - деді Еуропалық кеңес төрағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық