"Бұл - өте қымбатқа түсетін процесс". Бекетаев партия құрғысы келетіндер туралы айтты
Оның сөзінше, партия құруға өтініш білдіргендер оппозициялық көзқарастағылар емес.
"Шынында да өтінімдер келіп түсті. Бірақ мен оларды оппозициялық деп атамас едім. Адамдар тобы саяси партия құрғысы келетіні жөнінде Әділет министрлігіне сұраныс жолдады. Бұл өтінімдер заңнама талаптарына сай болған жоқ. Сол себепті оларды тіркеуден бас тартылды. Бұл адамдар тобы қателікті қайта түзеп, өтінім жолдай алады" деді Бекетаев.
Дегенмен министр өз сөзінде саяси партия құруға өтініш берген адамдардың атын атаған жоқ, санын да айтпады.
"Қанша адамнан партия құру туралы ұсыныс түскенін, қай адам түсіргенін айта алмаймын. Маған бұл мәліметтерді таратуға заң рұқсат бермейді. Себебі бұл – өтінім берген сол адамдар тобының құқығы. Әділет министрлігі мұндай мәліметтерді жариялай алмайды" деді ол.
Сонымен қатар Бекетаев Қазақстанда саяси партия құру қымбатқа түсетінін атап өтті.
"Бұл – өте қымбатқа түсетін процесс. Бүгін партия құру бастамасын ойлаған адам ертең оны құра салмайды. Ол абыройлы әрі артынан еретін адамдары бар екенін, саяси партияны құра алатын ресурсы барын дәлелдеуі тиіс. Заң талаптары осындай" деді Бекетаев.
Қазақстанда "Саяси партиялар туралы" заңға өзгеріс енгеніне қарамастан елде партия құрғысы келетін азаматтар тіркеу кезіндегі бюрократиялық кедергіге тап болатынын айтып, жиі шағымданады.
Қазіргі кезде Қазақстанда ресми тіркелген алты партия бар. Олардың үшеуінің өкілдері қазіргі парламентте отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық