Бұл істі алдымен қыздардан бастаймын – Аида Балаева
Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі, бүгінгі Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі гендерлік теңдік туралы пост жариялап, Президенттік жастар кадр резервіндегі азаматшалармен кездескеннен кейінгі алған әсері жөнінде айтты.
«Өркениетті қоғамдарда гендер мәселесі қай кезде де мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі саналған. Бұл үрдіс Президентіміздің саяси еркі мен тұғырлы ұстанымының арқасында біздің елде де жақсы дәстүр боп, біртіндеп еніп келеді. Оған куә - ел Парламенті мен мәслихаттарындағы әйелдерге арналған 30%-дық үлес, бизнес пен квазисектордағы жоғары білікті әйел-мамандардың көбейуі сияқты тағы да басқа нәтижелер. Десе де, дамыған мемлекеттерден көріп жүретін саясат пен биліктегі әйел орны біз үшін әлі де болса таңсық, жеткіліксіз деңгейде екені жасырын емес» деді ол.
Аида Ғалымқызы алған әсерін айта келіп, бұл пікірі тек қыздар қауымына ғана емес, жалпы Президенттік жастар кадр резервіндегі әрбір азаматқа қатысты екенін жеткізді.
«Бұл тек қана осы қыздар туралы емес, ПЖКР құрамындағы барлық жастарға қатысты түйінді ойым.
Сондықтан да, бүгіннен бастап мен жас резервшілердің өздері туралы айтқан қысқа видеоларын жариялап, олардың ұстанымдары мен тәжірибелерімен сіздерді тікелей таныстырып отыруды дұрыс деп санадым.
Алайда, «қыздың жолы жіңішке» деп, бұл істі алдымен қыздардан бастаймын деп шештім», - деп түйді ол.
Жаңалықтар
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?