Бәйменов Тоқаевтың келесі сайлаудағы мүмкіндігі туралы айтты
Коллаж Orda.kz
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы мүшесі, «Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов президент Тоқаевтың келесі сайлаудағы мүмкіндігі туралы айтты.
Әлихан Бәйменов «Qasqa Jol» бағдарламасына берген сұхбатында Тоқаев қаңтар оқиғаларынан сабақ алса, оның екінші рет президент болуына мүмкіндік көбейеді деп сенім білдірді.
«Қазір халықтың үміті көп. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде құрбан болғандардың жақындарын қазір жұбату мүмкін емес. Бірақ «олар Жаңа Қазақстан құруға жол ашып берді» деп кейін ұрпақтар айта алуы керек. Олардың ұрпақтары «менің атам әділет, абырой үшін шықты», «менің атам Тәуелсіз Қазақстан үшін шықты», «менің атам өзінің жанын құрбандыққа түйіп, Қазақстанға оң өзгерістерді бастап берді» дей алуы керек.
Қазір олардың аруақтарының алдындағы парызымыз –реформалар жүргізу. Шамалыдан кейін қайтадан анау қорға 10-15 млрд бергендер бұрынғы рөлін ойнайтын болса, сол арқылы өзіне жағдайын сатып алса, онда қиын болады.
Сол себептен ол сайлаудағы мүмкіндігі өзінің осы жылдардағы батыл реформаларына байланысты. Оның ішінде саяси реформалар, әділ сайлауды енгізу, сөз бостандығымен қамтамасыз ету және экономикадағы, мемлекет басқарудағы, ақпарат жүйесіндегі реформалар» деді Бәйменов.
Әлихан Бәйменов деген кім?
Айта кетсек, Әлихан Бәйменов – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрыңшы мүшесі, Болат Әбілов, Ораз Жандосов пен бірге «Ақ жол» партиясын құрды. 2005 жылдың басына қарай Алтынбек Сәрсенбаев «Ақ жол» партиясына мүше болды. Осылай, партияның бес тең төрағасы болды: Әбілов, Жандосов, Сәрсенбаев, Бәйменов және Жұланова.
Үш жылдан кейін партия екіге бөлінді – «Нағыз Ақ жол» және «Ақ жол».
2004 жылдың қыркүйегінде Бәйменов парламенттік сайлауда «Ақ жол» партиясының тізімін басқарды. Бұл тізімдерге сәйкес, партия сол кездегі іс жүзінде барлық сарапшылар мәлімдегендей, шамамен 30% дауыс жинады, ресми түрде олар 12% дауыс берді. Бәйменов наразылық ретінде депутаттық мандаттан бас тартты.
2005 жылы президенттік сайлауға қатысты. Сайлауда 1,61% дауыс жинады. 2006 жылы мәжіліс депутаты болды. 2011 жылы ол «Ақ жол» партиясының төраға лауазымын Азат Перуашевке берді.
2011 жылдың шілдесінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы болып тағайындалды.
2014 жылдың қыркүйегінде Әлихан Бәйменов облыстық халыққа қызмет көрсету хабының басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Хаб – Мемлекеттік қызмет агенттігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бірлесіп жасаған жоба. Мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз білім мен тәжірибе алмасу мақсатында жоба құру туралы келісімге 2012 жылдың желтоқсан айында қол жеткізілген болатын.
Марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың айтуынша, Әлихан Бәйменов ҚДТ қатарында президент Назарбаевтың «көзі» болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық