Бүгіннен бастап куәліксіз көлік жүргізуге болады
Бұған дейін қазақстандықтардың 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізуге рұқсат етілетіндігі туралы ORDA хабарлаған.
Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтар күні Парламент сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданған болатын.
Бұған дейін Ерлан Тұрғымбаев жол қозғалысы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Президент қол қойған түзетулер 2021 жылғы 13 ақпанда күшіне енетіндігін айтқан болатын.
«Жүргізушілердің жүргізу құжаттарын алып жүру және ұсыну міндеттерін жою – бұл қазіргі заманғы технологиялық полицияның дамуына жасалған тағы бір қадам. Мемлекет көлік басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа көліктердің қауіпсіздігі үшін өз жауапкершіліктерін ұмытпауы керек. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін қатаң сақтауға шақырамын», – деп атап өткен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Құжатта елімізде берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау айтылған. Яғни, көлік иесі полиция қызметкерлеріне жеке куәлігін ғана ұсынады. Тәртіп сақшылары планшет арқылы электрондық базадағы қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады.
Осы жылғы 1 ақпанда президент Қасым-Жомар Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық