Бүгінгі митинг: Қазақстан өңірлеріндегі жағдай
Бүгінгі митинг өткен күндегі ақпаратты саралай келе, еліміздің бірқатар өңірлерінде наразылық топтардың жиналып, талаптарын айтуға тырысқандығын көреміз. Қазақстанның көптеген қалаларында арнайы топ пен полиция жасағы наразы топты таратуға тырысты. Көнбегендерін ұстап әкетті.
- Нұр-Сұлтан қаласында Дулат Ағаділді еске алу үшін мешіт алдына жиналған 30 шақты азаматты полиция жасағы қоршауға алды. Қоршауда тұрған белсенділер Еуропарламенттен Қазақстан билігінің өкілдеріне қарсы санкция салуды талап етті.
- Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдына жиналған «демократиялық партия» бастамашыл тобының өкілдері де полиция жасағына тап болды. Арнайы жасақ бірнеше шеңбер арқылы оларды қошауда ұстады.
- Орал қаласында саяси реформа жүргізу және саяси тұтқындарды босату талабымен билік мақұлдаған митинг өтіп жатыр. Жиынға келгендердің басты талаптары - биліктің ауысуы, саяси себеппен қудаланғандарды босату, барлық деңгейдегі әкімдерге халық сайлауы.
- Ақтөбеде полиция митинг өтеді деп белгіленген жерге келіп, кем дегенде 10 шақты адамды ұстап әкетті. Митинг орнына келгендер «саяси тұтқындарға бостандық» деп ұрандатты.
- Атырауда жақында түрмеден шыққан белсенді Макс Боқаев қала ортасындағы алаңға келіп, билікке талабын айтқан. Кейін Боқаев полиция қоршауға алмақ болғанда наразылыққа келгендерді таратып жіберген. Атыраудағы шеру өтетін алаңда интернет байланысы үзілген.
- Семейде де митинг өтеді деп белгіленген жерді айналасына күзет күшейтліп, полиция кейбір белсенділерді алаңға жеткізбей қүрықтаған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл қалада да кем дегенде үш адам ұсталған.
- Шымкент пен Қызылорда қалаларында да митинг белгіленген жерлерде полиция қарасы көп, күзет күшейген.
Бүгінге бар ақпарат осы. Қосымша ақпарат болса, ORDA тілшілері сіздерді міндетті түрде хабардар етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық