Бүгінгі ауыс-түйіс: Бектанов жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы қызметіне Олжас Бектанов тағайындалды.
Бұған дейін Бектанов төрағаның бірінші орынбасары лауазымында болған.
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бүгінгі ауыс түйіс: Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, оның орнына министр болып антикор төрағасы Марат Ахметжанов келді. Марат Мұратұлының орнына орынбасары Олжас Бектанов тағайындалды.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 2001 ж. –Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер.
Еңбек өтілі:
- 2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.
- 2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.
- 2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.
- 2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.
- 2012-2014 жж. – ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы.
- 2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
- 2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.
- 2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
- 2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық