Бүгін Навальныйдың абақтыдан жасаған үндеуіне байланысты Мәскеуде метро станциялары жабылады
Мәскеу әкімшілігі Алексей Навальный жақтастары митингі өткізеді деген орындарды жауып тастамақшы. Аталған шара бүгін, 31 қаңтарда қала орталығындағы жеті метро станциясына кіретін және шығатын жолдарға қатысты. Сонымен, таңғы 8-ден бастап «Александровский сад», «Охотный ряд», «Театральная», «Площадь Революции», «Кузнецкий мост», «Лубянка» және «Китай-город» станциялары жабылады. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеудегі бас басқармасы мәлімдеме таратты.
Сонымен қатар қала басшылығы «ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген шараларға қатысуға шақырған үндеу тарап жатқандықтан», жаяу адамдардың жүруіне де шектеу қойды. Полиция қосымша хабар таратқанша шектеу ережесі күшінде. Жұма күні полиция рұқсат етілмеген митингіге, шеру мен пикетке шақырғандардарға қылмыстық жауапқа тарту қарастырылатынын айтып, ескерту жасаған.
Алексей Навальный жұма күні Мәскеудегі «Матросская тишина» тергеу изоляторынан тағы бір жаңа видеоүндеу жариялады. Ол орыс ақыны Корней Чуковскийдің «Тараканище» өлеңін еске алып, жақтастарын наразалық шараларын тоқтатпауға үндеді.
«Бассыздық пен жемқорлық жайлаған елде ешкім өмір сүргісі келмейді. Көпшілік біздің жағымызда. Соларды оятайық» - дейді Навальный үндеуінде.
28 қаңтарда сот Алексей Навальныйды 15 ақпанға дейін тұтқындау туралы шешім шығарды. Саясаткердің адвокаттары Навальныйды тұтқындау кезіндегі негізгі адам құқықтары туралы Еуропа конвенциясының баптары бұзылғанын айтты.
23 қаңтарда Ресейдің ондаған қаласында қамалған оппозиция лидері Алексей Навальныйдың жақтастары жаппай митингке шықты. Оны қодап, наразылық білдірген саны 250 мыңға жетті. 4 мыңға жуық шеруші ұсталып, тергеу комитеті 30-ға тарта қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық