Бүгін кешке Навальный Ресейге оралады
17 қаңтар күні кешке Алексей Навальный «Победа» әуе компаниясының рейсімен Мәскеуге ұшып келуі тиіс. Ресейдің оппозициялық саясаткерін «Внуково» әуежайынан жүзден астам адам күтіп алмақшы.
Навальный тамыз айында улану салдарынан ес-түссіз күйі Германияға жеткізіліп, сол жақта бірнеше ай емделген. Еліне оралатыны туралы ол 13 қаңтар күні мәлімдеген болатын. Өткен айда Ресейдің жаза орындау жөніндегі федералдық қызметі оған Ресейге дереу оралуды талап етіп, келмеген жағдайда қамалатынын ескерткен.
Саясаткердің жақтастары мен жанашырларының арасында оны әзірге Ресейге келмей тұруға шақырып, қауіпсіздігіне алаңдайтындықтарын айтқандар көп болды. Ескертулерге қарамастан Навальный Германия ауруханасында есін жиып, журналистерге сұхбат бере бастағанда-ақ түбі Мәскеуге қайтатынын мәлімдеген. Ол шетелде қалып қойып Ресей президенті Владимир Путинге «үлкен сый» жасағысы келмейтінін, ондайға жол бермейтінін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге бағыт алған әуе рейсінде Навальныйдың хәлі күрт нашарлап, есінен танған. Ұшақ экипажы шұғыл шешім қабылдап, Омбы әуежайына қонған. Жедел жәрдем қызметі оны әуежайдан жергілікті ауруханаға алып барып өкпе желдету аппаратына қосқан. Саясаткер біраз уақыт комада болған. Навальныйдың жақтастары мен туыстары оны қасақана улады деген күдіктерін айтқан. Бірақ аурухана басшылығы улауды жоққа шығарды.
Екі күннен соң Навальныйды арнайы санитарлық авиациямен Германияға апарып, Берлиндегі «Шарите» клиникасына жатқызған. Германия билігі 2 қыркүйек күні Навальныйдың «Новичок» деп аталатын умен уланғанын мәлімдеді. 7 қыркүйек күні саясаткер комадан шығып, өкпе желдету аппаратынан ажыратылды.
Германия үкіметінің өтінішімен үш тәуелсіз зертхана Навальныйдан алынған үлгіде «Новичок» уының барын растады. Содан бері ол сауықтыру емін қабылдап, Германия ауруханасында болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық