Бүгін: Финляндия — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

cover

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші кездесуін өткізеді.

Бұл туралы  Orda.kz  порталы Prosports.kz-ке сілтеп хабарлады.

Талғат Байсуфинов баптаған спортшылардың кезекті қарсыласы Финляндия құрамасы. Футбол ойындары сырт алаңда өтеді.

Бұл кездесуге дейін екі құрама да 2 ұпайдан жинаған. Белгілі болғандай  финдер бір матч кем өткізген. Финляндия да, Қазақстан құрамалары да жеңіске жетсе, турнирлік кестеде едәуір жоғарылау болады.

Қазақстан мен Финляндия құрамалары бұған дейін де 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездескен. Ол кезде қазақстандық футболшылар екі рет ұтылып,  Алматыда 0:2 және Тампереде 1:2 есебін көрсеткен.

Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де «Qazport» телеарнасынан тікелей эфиде көре аласыздар.  

Сондай-ақ, «Qazport» телеарнасы ойын алдында және матчтан кейін тікелей эфирде студиялық бағдарлама ұсынады. Онда футбол мамандары кездесуге қатысты өз пікірлерімен бөліседі.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар