Бүгін Қазақ телевизиясының хабар тарата бастағанына 63 жыл!
Осыдан 63 жыл бұрын 8 наурыз күні Қазақстанда алғашқы телевизиялық хабар таратыла бастады. Жалпы қазақ эфирі 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарнадан бастау алады.
1958 жылғы 8 наурыз күні Қазақстан Республикасы Телерадиокешені өз дәуірін бастады. Осы күні Алматы студиясында алғашқы хабар эфирге шықты. 15 наурыздан осы студия ұдайы, апталық бес сағаттық хабар таратуға көшті.
Кейінгі жылдары республиканың басқа да қалаларына, бүкіл Қазақстан аумағына хабар таратыла бастады. 1960-шы жылдары негізінен футбол матчтарынан, концерттерден, мерекелік шерулерден тікелей хабарлар берілді.
Қазақ телевизиясының бастауында көрнекті инженер Виктор Тюленев, Гүлжан Балпанбаева, радиотелеорталығының алғашқы директоры Рамазан Файзуллин және басқалар тұрды. Сол кездегі теледидар дикторлары телевизия айнасына айналды.
Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Нелли Омарова, Зұлқия Жұматова, Ләзиза Аймашева, Орынбала Оразбаева көрермендер құрметіне бөленді. Кейінірек олардың легіне Ласкер Сейітов, Мариам Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тельменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев қосылды.
Бүгінде «Қазақстан» телеарнасы - елдің ірі медиаресурсы. Техникалық жарақтандырылуы Қазақстан аумағын 100 пайызға дерлік қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай және Моңғолияның шекаралық аумағын қамтиды.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық