Бүгін алаштың ақиық ақыны Мұқағалидың туған күні
Қазақтың лирик ақыны заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақынға айналғаны сөзсіз.
Оның өлеңдері қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерді. Бүгінде поэзия мұзбалағына арнап көркем фильмдер түсіріліп, түрлі мәдени шаралар атқарылып жатыр. Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен оқылған өлеңдері де алтын қорда сақтаулы. Ақын көзі тірісінде үнін тыңдар, мұңын шағар адам таппай ренжігені де рас.
Алайда қазір оның отты жырлары қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Ол қара өлеңнің Құлагеріне айналды. Көпшілік Мұқағали десе, оның ақындығын сөз етеді. Ал әкелік махаббатын балаларынан артық ешкім айта алмас. Ұлы Жұлдыз «ақсақал, әкеміз, өте балажан адам еді» деп еске алады.
– Әкеміз өте балажан адам болатын. Ол кезде Қарасазда екі бөлмелі үйде тұрдық. 10 жастағы баламын ғой, әлі есімде. Сол екі бөлменің біреуі толған әкемнің кітаптары болатын. Сол кітаптармен жұмыс істеді. Бір жағынан, тума талант болса, екіншіден еңбекқорлығы басым еді. Қазіргі күні әкеміздің шығармашылығын дәріптеуде өзіміз де атсалысып жатырмыз- дейді ақынның ұлы Жұлдыз.
Былтыр ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter парақшасында жазба қалдырған болатын.
– Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той, - деп жазды Президент.
Сондай-ақ, былтыр ақынның 90 жылдығына орай елордада «Тәуелсіздік сарыны» атты концерті өтті. «Астана» концерт залында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты кеш өтті.
Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» атты фильмі жарыққа шықты. Елордада тұсауы кесілген кинотуынды қазанның 21-інде ұлттық прокатқа шықты. Қазақтың ақиық ақынының 90 жылдығына орай түсірілген фильм ақын өмірінің соңғы жылдарын баяндайды. Сюжет Өскемен, Алматы, Санкт-Петербург, сондай-ақ Алматы облысында өрбиді. Сондай-ақ кинода Нұрғиса Тілендиев, Бауыржан Момышұлы, Фариза Оңғарсынова сынды заңғар тұлғалардың да бейнесі сомдалған. Фильм режиссері мұзбалақ ақын бейнесін үлкен экранға шығару үшін 15 жылдан астам уақыт еңбектенгенін айтты.
Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Хантәңірі мұзбалағының туған жері Қарасаздағы музейге ақынның қобызы тапсырылды. Нарынқол ауылында 50 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды. Ауылдың қақ ортасында ақынның еңселі ескерткіші ашылды. Мерейтойлық шара «Хантәңірі» халық театры ақынның өмірі мен шығармашылығын негізге ала отырып дайындаған «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты сахналанған көрінісімен ашылды.
Тау тұлғаның туған жері Қарасазда өткен ғылыми тәжірбиелік конференция өтіп, қайталанбас дарын иесінің күрескерлігі де сөз болды. «Алаш жұртының ақиығы» атты алқалы жиынға еліміздің жазушыларымен қатар Түркия және Қырғыз елінің ғалымдары, Түрксой ұйымының өкілдері қатысты. Олар ақын өлеңдері түбі бір түркі жұртына ортақ мұра екенін атап өтті.
Түркияның Анкара қаласында Мұқағали Мақатаевтың есімі ұлықталып, «Және қайтып барасыңдар, тырналар» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.
Сеулде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн кеш өтті. Оған еліміздің 9 елдегі елшіліктері мен консулдық қатысты. Шетелдіктер Мақатаевтың өлеңдерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды. Онлайн-әдеби кешке Үндістан, Вьетнам, Таиланд және Индонезия тұрғындары да қатысты.
Бүгінде ақынға арналып деректі туындыдан бөлек бірнеше көркем фильм түсірілген. Шығармашылығы да дәріптеліп жатыр. Ақынға музей ашылып, мектептерге есімі берілді. Ақын атындағы көшелер де бар. Былтыр елордадағы ұлттық академиялық кітапханада Мұқағали Мақатаев атындағы мәжіліс залы ашылды. Заманауи жабдықталған залда ақын өлеңдерін QR кодты сканерлеу арқылы оқуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық