БҰҰ елдерді Ауғанстанға гуманитарлық көмек беруге шақырды
Фото: Лента.ру
БҰҰ-ның ауғандықтарға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі үйлестірушісі Рамиз Алакбаров азық-түлік пен дәрі-дәрмектің тапшылығы туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлады.
– Ауғанстан гуманитарлық апат алдында тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен серіктестері бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жалғастырып жатқанына қарамастан, олар мұны мықты және қомақты халықаралық қолдаусыз жасай алмайды, - деді Алакбаров.
Оның айтуынша, «ауғандардың тең жартысы азанда не жейтіндерін білмейді».
Бұған қоса, Ауғанстанға дәрі-дәрмек қажет. Ауғанстан астанасы Кабулдағы әуежай жабық, бірақ БҰҰ өкілінің айтуынша, ұйым мен оның серіктестері гуманитарлық көмекті жеткізудің басқа жолдарын табуда. Осылайша, жүктер Пәкістаннан автокөлікпен жеткізіледі және жақында 37,5 тонна дәрі-дәрмегі бар бірінші ұшақ Ауғанстанның төртінші қаласы Мазари-Шарифке келді.
– Олар 200 мың адамға есептелген дәріні 20 ауруханаға жеткізеді. Елге 600 тонна азық-түлік жеткізілді. Ол негізінен балаларға қажет, жақында олардың күйі нашарлайды, - деді Алакбаров.
Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанға қатысты қарар қабылдаған болатын.
Еске салсақ, 15 тамызда Талибандар Ауғанстан астанасы Кабулды басып алып, Ислам Әмірлігінің жандануын жариялаған. Сол күні елден Ауғанстан президенті Ашраф Ғани кеткен. Бір аптада Кабулдан 25 мыңға жуық адам эвакуцияланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық