БҰҰ: түрмеде Covid-19 таралуына байланысты Джулиан Ассанжды босатуды сұраймыз!
БҰҰ-ның баяндамашысы Нильс Мельцер Ұлыбритания билігінен Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды коронавирус деректері тіркелген түрмеден тез арада босатуды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.
«Ұлыбритания билігі алғашында Ассанжды Швецияның сексуалдық қылмыс күдігі бойынша қамауға алу туралы санкциясы негізінде ұстады. Кейінірек бұл дәлелдердің жоқтығына байланысты, айыптау ресми түрде алынып тасталды. Бүгін ол тек істің алдын алу мақсатында қамауға алынды. Ассанж сотталған қылмыскер емес және ешкімге қауіп төндірмейді. Сондықтан оның қатаң режимдегі түрмеде ұзақ уақыт оқшаулануы қажет те емес. Оған қолданылып отырған жазаның ешқандай заңды күші жоқ», - делінген БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Нильс Мельцердің мәлімдемесінде.
Ол Ассанж отырған түрмеде коронавирус ауруының тіркелуі ерекше алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, шамамен 160 тұтқынның 65-і «Cobid-19» жұқтырған.
Сонымен қатар сарапшы, Ұлыбритания билігінен АҚШ-та экстрадициялау туралы өтініш қаралып жатқан кезде Ассанжды босатуды немесе оны үй қамағына алып, денсаулығын қалпына келтіруге шақырды.
Бір жыл бұрын БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Джулиан Ассанж қамауға алынғаннан кейін денсаулығы нашарлап жатқанын мәлімдеген.
Джулиан Ассанж 2019 жылдың 11 сәуірінде АҚШ-тың өтініші бойынша британдық қатаң режимдегі түрмеге жіберілді. АҚШ билігі Ассанжға тыңшылық және құпия ақпаратты жария етпеу талаптарын бұзған 17 бап бойынша жаңа айып тағылғанын мәлімдеді. Егер Ассанж АҚШ-қа экстрадицияланатын болса 175 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Экстрадициялау ісі бойынша тыңдау 2020 жылдың 7 қыркүйегінде басталды. Судья шешімі 2021 жылдың қаңтарында жариялануы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық