БҰҰ бас хатшысы әлем халықтарына үндеу тастады
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық биоалуантүрлілік күніне орай табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасты қалпына келтіруге үндеді.
Бұл туралы Orda.kz. ұйымның сайтына сілтеме жасап. хабарлады.
Ол жер ресурстарының уақытынан бұрын сарқылып, биоалуантүрлілік бұрын-соңды болмаған және қорқынышты жылдамдықпен азайып бара жатқандығын айтады.
Флора мен фаунаның миллион түрі жойылу алдында тұр, бүкіл экожүйе көз алдымызда жойылып, сулы-батпақты жерлер құрғап, керісінше шөлдер көбеюде.
Жыл сайын біз 10 миллион гектар орманнан айрылудамыз, мұхиттар пластмассаға тұншығып жатыр.
— Біз табиғатқа соғыс жарияладық. Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі бірде-бір тапсырманы орындаған жоқпыз, - дейді Антониу Гутерриш
Пандемия адамдар мен сыртқы қоршаған орта арасындағы тығыз байланыстың ерекшелігін көрсетті. Жаңа және дамып келе жатқан жұқпалы аурулардың төрттен үш бөлігі зоонозды сипатқа ие, яғни адамдарға жануарлардан жұғады.
Антониу Гутерриштің пайымынша, жерді пайдалану және адамзаттың табиғатқа келтірген зиянынан Эбола және COVID-19 сияқты жұқпалы аурулар пайда болып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық