БҰҰ Бас Ассамблеясы Украина бойынша арнайы сессия өтетін күнді атады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Украина бойынша арнайы сессиясының өтетін күні белгілі болды.
Дүйсенбі, 28 ақпанда Украинадағы жағдайға қатысты қарар жобасын талқылау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезектен тыс сессиясы өтеді, деп хабарлайды ТАСС.
Бұған дейін АҚШ БҰҰ-ға жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесін шақыру туралы өтініш жолдаған болатын. Оның аясында Украинадағы жағдай бойынша Бас ассамблеяны өткізу мәселесі бойынша процессуалдық дауыс беру өтетіні атап өтілді, деп хабарлайды басылым халықаралық ұйымдағы дереккөзге сілтеме жасап.
Сессия өтуі үшін Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің тоғызы жақтап дауыс беруі керек, ал вето құқығы бұл жағдайға қолданылмайды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен сөйлескен кезде Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беру құқығынан айыруға шақырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық