Қазыбек Иса олигархтар байлықты қайтару керектігін мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден
Депутат Қазыбек Иса өз парақшасында олигархтарға қатысты пікір білдірді.
«Басты мақсат мемлекетті сақтап қалу болды. Қазір әлеуметтік желілерде «Ереуілде террористер де, содырлар да болған жоқ» деген, Президент не айтса да, «шын сөзін жоққа шығару» синдромы жүріп жатқанын да байқаймыз. Бұндай «лаңкестер де, содырлар да болған жоқ» деп соғып отырғандар бұл жауапсыз сөздерінің бейбіт ереуілшілерге жабылған жала екенін ойлануы тиіс. Содырлар, лаңкестер жоқ болса, онда 19 полицей мен сарбазды кім өлтірді, екі полицейдің басын кесіп алғандар кімдер? Өз жұмысымен кетіп бара жатқан жеткіншекті, жастарымызды кім өлтірді? Бейбіт ереуілшілер ме?» деп жазды Қазыбек Иса.
Ол желіде қасіретті қаңтар кезінде бейнебақылау камераларын атып түсірген мергендер бейбіт шерушілерге оқ жаудырды деген ақпарат тарағанын еске салды.
«Олардың бәрі анықталып, жазаға тартылуы тиіс. Сол ас үйінен шықпай-ақ, диванда жатып алып жазып жатқандар полицияда қызмет етіп жүрген немесе әскерде ел қорғап жүрген ұлдарын террористер өлтіріп кеткен, боздағын жоқтап боздап отырған әке-шешеге барып, «ешқандай содырлар жоқ, лаңкестер жоқ» деп айтып көрсінші, не болады, не естиді екен сонда?! Лаңкестер мен содырлар деген бір жақтан арнайы іссапармен келетін, содыр не лаңкес деген анықтама куәлігі бар қылмыскерлер ғана емес, осы елімізде, ішімізде жүргендер де адам өлтірсе, мемлекеттік ғимараттарды өртесе, олар да лаңкестер мен содырлар. Кім болса да, лаңкестік пен содырлық жасаса, солар содырлар мен лаңкестер болады. Жазықсыз жандарды атып, арандатушылық жасаған күштердің шабуылынан қазіргі олардың интернеттегі іріткі салып, арандатулық шабуылдары да ешбір кем соғып жатқан жоқ» деді депутат.
Аруақтарын пайдаланып жатыр
Қазыбек Иса қасіретті қаңтар кезінде бейбіт шерушілерді қалқан ретінде пайдаланғандар ендігі кезекте олардың аруақтарын пайдаланып, жұртшылықты әлі де арандатып отырғанын алға тартты.
«Кейбір қарапайым жұрттың ешнәрсеге көзі жетпесе де, өзгенің жаласына сеніп, қолдау жасаған әр лайктары, әр айыптау сөздері арандатушы күштердің атқан оқтарына айналып жатқанын аңғармауда. Бұл туралы Президент те «мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылғандар идеологиялық диверсияны жақсы меңгерген» деп атап айтты. Идеологиялық диверсия интернетте әлі жүріп жатыр. «Мемлекетке сатқындық жасады» дегендері де жалған, лаңкестік пен содырлықтар да жалған, әйтпесе, олардың үстінен қозғалған қылмыстық істер қайда?» – дегендерге кеше Президент қабылдаған Бас прокурор жауап берді» деп еске салды депутат.
Қазыбек Иса Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары оның сөздерін растайтын материалдарды жариялау керектігіне сенім білдірді.
«Ел барлық шындықты өз көзімен көруі керек. Әйтпесе, бұл ақпараттық кеңістікті түрлі күмәнді бейне-фотолар мен фейк жазбалар толтыруда. Сондықтан әлеуметтік желілер мен ақпараттық алаңда мемлекеттік органдар мен ресми ақпарат құралдарының емес, олардың сөзі өтімді болып тұр» деді Қазыбек Иса.
Депутаттың айтуынша, олигархтар елден ұрланған ақшаны қайтару керек.
«Мысалы, Сауд Арабиясында қазынадан ұрланған қаржыны түгел қайтарғанша, ханзадалар мен миллиардерлер бірнеше ай үйқамақта отырған. Нәтижесінде мемлекетке 100 миллиардтан аса қаржы қазынаға қайтарылған. Ал Қазақстанның ұрланған қаржыларының көлемі Сауд Арабиясының «саудасын» ондаған есе орап кетері анық» деді депутат.
Жаңалықтар
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталды
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді