Қазыбек Иса қаңтар оқиғасына байланысты депутаттық сауал жолдады
Парламенттің мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі Қазыбек Иса бас прокурор Ғ. Нұрдәулетовке және президенті жанындағы адам құқы жөніндегі уәкіл Э. Азимоваға депутаттық сауал жолдады.
Депутат қаңтардағы тәртіпсіздіктер бүкіл елді дүр сілкіндіргенін айтып, заңды шеруді бүлікшіл топтардың пайдаланып кеткенін жеткізді.
– Талайды көрген тарихымызда 2022 жылғы қаңтардағы қанды қасірет бүкіл елімізді дүр сілкіндірді. Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар өз мақсаттарына жету үшін тіпті, ең қасиетті Тәуелсіздігіміздің өзін құрбан ете жаздады. Мемлекетіміз сақталып қалды, құдайға шүкір, бірақ қаншама адамның қаны төгілді. Пейіште рухтары шалқып, Имандары саламат болсын. Басында әлеуметтік әділеттіліктер сұрап, бейбіт митингіге шыққан шерушілерді кейін Алматыдан бастап, көптеген қалаларда арнайы дайындалған бүлікшіл топтар пайдаланып кетіп, заңды шерудің арты қанды шеруге айналды. Қаңтардағы қырғында 227 адам қаза тапты. Жалпы 4500-ден астам адам зардап шегіп, 4353 адам түрлі жарақат алған, - деп жазды депутат Facebokk парақшасында.
Қазыбек Иса жазықсыз жандарды жазалау президент саясатына қарсы жасалған қастандық деп атады.
– Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайта қайталанбауы үшін, мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер, бәрі толық анықталып, түгел жауапқа тартылуы тиіс! Ереуіл кезінде бейбіт шеруге шыққандары үшін ғана көп адам, әсіресе, жастарымыз жазықсыз тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталып жатқандары туралы нақты мәліметтер мен видеолар келуде. Әлеуметтік желілерде де жиі жазылуда. Тек қылмыс жасағандар ғана жауапқа тартылуы тиіс! Бұндай жазықсыз жандарды тұтқындап, азаптау нағыз арандату, мемлекетке, Президенттің саясатына қарсы қасақана жасалып жатқан қастандық деп санаймыз. Өйткені, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір істің әділ тергелуін, тіпті ауырлататын мән-жай болмаса, жазаларын жеңілдету керек деген талап қоюда, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық