«ҚазТрансОйлдың» жаңа басшысы Мәжілістің экс-спикерінің күйеу баласы екені белгілі болды
Фото: ҚазТАГ
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) жаңа басқарма төрағасы Талғат Құрманбаев Мәжілістің бұрынғы спикері, экс-энергетика министрі Бақтыкожа Ізмұхамбетовтің күйеу баласы екені белгілі болды.
«Талғат Құрманбаев Бақтықожа Салахитдинұлының қызы Айгүлге үйленген. Айгүл соңғы уақытқа дейін «ҚазТрансОйл» АҚ қазынашылығын басқарған» деп ҚазТАГ дереккөзі хабарлады.
«ҚазМұнайГаз – Өңдеу және маркетинг» АҚ-ның 2017 жылғы еншілес компаниялар туралы есебіне сәйкес бұл тізімде шынымен де Талғат пен Айгүл, сондай-ақ Ізмұханбетовтың өзі де бар.
Құрманбаев 2000 жылы ҚазМЗУ-ды бітіргеннен кейін мұнай-газ саласында жұмыс істеді, 2015-2020 жылдары «Қазмұнайгаз-аэро» ЖШС бас директорының орынбасары болды. ҚТО басшысы болып тағайындалғанға дейін Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары болған.
23 ақпанда Құрманбаев ҚТО-ны басқарып, бұл қызметте Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі Димаш Досановты ауыстырды. Досанов 14 қаңтардағы қаңтар оқиғасынан кейін ҚТО басшысы қызметінен босатылды.
Айта кетсек, 11 ақпанда ҚТО-ның жоғары басшылығынан тағы бір отбасының мүшелері - Әлен Таңатаров пен Шара Әділова бас директордың орынбасарлары қызметінен босатылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық