Азия чемпионатында боксшылар Қазақстанға үш алтын әкелді
Санжар Тәшкенбай
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында тоғыз қазақстандық боксшының үшеуі алтыннан алқа тағынды.
Қазақстан құрамасына алтынды Санжар Тәшкенбай, Асланбек Шымбергенов және Айбек Оралбай әкелді, деп хабарлайды Olympic.kz.
48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жапониялық Аратак Казумадан мықты болды. 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асланбек Шымбергенов төрешілердің бөлек шешімімен иорданиялық Зеяд Ишайшты жеңді. 92 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай өзбекстандық Мадияр Сайдрахимовты ұтты.
Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) және Қамшыбек Құнқабаев ( 92 келіге дейін) чемпионатты күміс медальмен аяқтады.
Медальдық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы Өзбекстаннан кейінгі екінші орынды алды. Бір күн бұрын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы да медальдық есепте екінші орынды иеленді.
Бірақ Қазақстан құрамасы 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында медальдар саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – алты алтын, жеті күміс және сегіз қола. Екінші орында 13 медальмен Өзбекстан құрамасы, үшінші орында 12 медальмен Үндістан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық