«Азия Авто - БИПЭК Авто» басшысы тергеу амалдарына Ресейден Қазақстанға шақырылды
Ресейге кеткен «Азия Авто – БИПЭК Авто» компаниялар тобының жетекшісі Анатолий Балушкин Өскеменге тергеу амалдарын жүргізу үшін шақыртылды.
«Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі нормаларына сәйкес, 1970 жылы 28 мамырда туған, Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген күдікті Анатолий Михайлович Балушкинді шақырғаны туралы хабарлайды. Күдікті А.М.Балушкинге тергеу әрекеттерін жүргізу үшін 2023 жылғы 10 ақпанда сағат 17.00-ге дейін Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2 үй мекенжайы бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеу басқармасының Экономикалық тергеу басқармасының әкімшілік ғимаратына келу қажет» деді ҚМА.
Атап өткендей, тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті А.М.Балушкин қорғаушыны өз бетінше шақыруға немесе қылмыстық процесті жүргізуші органға қорғаушының қатысуы туралы өтінішхат жасауға құқылы.
«Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚК 67-бабы). Шақыру қағазында белгіленген уақытта келуіне кедергі келтіретін себептер болған жағдайда, сондай-ақ прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, күдіктінің немесе адамдардың қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге ниет білдірген жағдайда; өзінің мүддесін белгіленген тәртіппен білдірген адам бұл туралы қылмыстық қудалау органына алдын ала хабарлауға міндетті» делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2020 жылдың 19 қазанында «Азия-Авто» бас директоры Ерік Сағымбаев 11 сәуірде төтенше жағдай кезінде биліктен компаниямен өндірістік келісімнің бұзылып жатқаны туралы хабарлама келгенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық