Әзірбайжанда ұсталған Дикий Арманның серіктесі БАӘ-ге экстрадицияланды
Фото: әлеуметтік желілерден
Дикий Арманның серіктесі Жанболат Серіков Әзірбайжанда ұсталып, БАӘ-ге экстрадицияланды. 2025 жылдың жаңа жыл түні Дубайда қаржылық пирамида Finiko-ның негізін қалаушы Эдвард Сабировқа шабуыл жасалды. Қылмыс халықаралық резонанс тудырған болатын. Шабуылға тікелей қатысқандар – Анорбек Түмибаев пен Есболат Кенжеғазы. Олар Ресейге қашып кеткенімен, көп ұзамай сол жақта ұсталды, деп хабардайды Orda.kz.
Алайда, Orda.kz қаңтар айында хабарлаған ақпаратқа зер салсақ, іске басқа да тұлғалар қатысы болуы мүмкін. Солардың бірі – шабуылды ұйымдастырушы ретінде аты аталған Жанболат Серіков.
Серіковтің де БАӘ-ден кетіп қалғаны белгілі болды. Ол Әзірбайжанды паналағанымен, оны көп ұзамай жергілікті арнайы қызмет ұстады. Жақында сот шешімімен Біріккен Араб Әмірліктеріне экстрадицияланды.
Әзірбайжан ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Серіковке бірнеше ауыр бап бойынша айып тағылған:
«1985 жылы туған Қазақстан азаматы Жанболат Серіковке БАӘ-нің құзырлы органдарының сұранысымен адам ұрлау, заңсыз бостандығынан айыру, өліммен қорқыту, ауыр дене жарақатын келтіру және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін халықаралық іздеу жарияланған».
Серіков қаңтарда сотталған Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман) тығыз байланыста болған. Екеуінің бірге түскен бірнеше суреті бар. Кейбір болжам бойынша, Сабировқа шабуыл Арманның тапсырысы болуы мүмкін.
Айта кетейік, Сабировтың өзі де қазір Қазақстан билігінен жасырынып, БАӘ-де жүрген көрінеді.
Бұған қоса, Жанболат Серіков бұрынғы премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық банк төрағасы болған Қайрат Келімбетовтің күйеу баласы болуы мүмкін деген ақпарат та бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық