Әзірбайжан мен Армения бейбіт келісімге қол қоя ма?
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен бейбітшілік келісімі бойынша келіссөздерге рұқсат берді.
Оның айтуынша, Баку мен Ереван үшін бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан бітімгершілік келісім бойынша жұмысты жалғастыратын уақыт жетті.
Оған Грузияның медиациясымен қол қою керек.
Ереван бұған келісетін болса, Грузияның арағайындығы арқылы Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбіт келісім бойынша «белсенді жұмысты» бастау қажет. Бұл туралы Тбилисиде Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөздер қорытындысы бойынша Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді.
Әлиевтің айтуынша, Грузия Баку мен Ереван арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қатысуы керек.
«Егер Армения келісімін берсе, Грузияда бірден екіжақты және үшжақты кездесулер басталады»,- деді Ильхам Әлиев.
Әлиев Грузияның елдердің тұтастығына қатысты «бейтарап ұстаным» ұстанатынын, сондықтан келісім бойынша жұмысқа тартылуы керектігін атап өтті. Ол сондай-ақ Гарибашвилиге делдал ретінде көмектесуге дайындығы үшін алғыс айтты.
4 қазанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Испанияның Гранада қаласында Ильхам Әлиевпен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын айтып, Әзірбайжан президентінің соңғы сәтте ол жаққа барудан бас тартқанына өкініш білдірді.
Баку кездесуге түрік өкілдерінің қатысуын талап еткенімен, одан бас тартылған. Атап айтқанда, Франция мен Германия бұған қарсы шықты. Агенттік келтірген тағы бір себеп Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишельдің Бакудің әскери операцияны бастау шешіміне көңілі қалғанын білдірген мәлімдемесі болды.
Әзірбайжан аймақтың проблемаларын «одан алыс елдермен» талқылаудың пайдасы жоқ екенін атап өтті.
19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта «антитеррорлық операция» жариялады. 21 қыркүйекте тараптар атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық