Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Фото: Ашық дереккөзден
Әзірбайжандар қауымдастығының төрағасы Абилфас Хамедов қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Баршаға мәлім болғандай, бұл мереке – қан-қасап қуғын-сүргін, нәубет жылдарында ауыр азап шеккен халықтарға дархан да дара болмысымен құшақ жайған, дәм-тұзымен бөлісе отырып тағдыршешті тарихи қолдау көрсеткен қазақ халқына ризашылық білдіру күнімен қатар, еліміздегі тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша азаматтардың, отандастардың өзара бауырластығын, достығы мен бірлігін, ынтымағын бекемдей түсетін, өзара ізет пен құрметтің жарқын үлгісін тек елімізде ғана емес, сонымен қатар күллі әлемге мақтанышпен паш ететін маңызды күн»,—деді ол.
Айтуынша, бұл күннің маңызы мен мазмұны қазіргі таңда айрықша орын алып отыр.
«Еліміз президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстанды құру жолында. Бұл тұста, президентіміз бүгінгі құттықтауында айтып өткендей: «Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды». Сондықтан да, бүгінгі бірегей мерекеге орай өзім басқаратын Әзірбайжандар қауымдастығы және өз атымнан еліміздің жарқын болашағы мен ынтымағы жолында тынбай еңбектеніп жүрген барша бауырларымызды, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының барлық мүшелерін шын жүректен құттықтай отырып, Әділетті Қазақстан құру жолында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғысымызды айтамыз және президентіміздің бастамаларын толық қолдайтынымды мәлімдеймін»,—деп толықтырды төраға.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық