Әзілдейтін жағдай емес: Тоқаев Назарбаевтың қалай билікте қалғанын айтты
Фото: ТАСС
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мұрасы мен қазіргі рөлі қоғамда әртүрлі пікір тудырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында пікір білдіріп, өткенді әділ бағалау қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қысқа уақыт ішінде Қазақстан егемендігін нығайтып, жаңа астана тұрғызды, шекарасын бекітіп, халықалалық аренада беделді орынға ие болды. Бұл жетістіктерді жоққа шығарған дұрыс емес. Бірақ әрбір тарихи кезеңнің көлеңкелі тұстары да болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы елді басқарған кезеңі де сыннан тыс қалмауы тиіс», – деді Тоқаев.
Сонымен бірге, ол қосарланған билік туралы мәселеге тоқталды.
«Назарбаевтың отставкаға кеткеннен кейін де саяси шешімдерге ықпал еткенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл шенеуніктер арасында түсініспеушілік тудырып, саяси тұрақсыздыққа негіз болды. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жылдар бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер дет болды. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Ашығын айту керек, ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылық сақтай бермейтін. Мұны да айта кеткен жөн. Үнемі премьер-министрді, Ұлттық банк төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін. Бұған өз азаматтарымызды былай қойғанда, шетел басшылары мен дипломаттары да таңдана қарайтын. «Назарбаев қызметінен кеткен соң тіпті жоғарылады, енді президент те оған бағынады» деген әзіл әңгіме пайда болды. Ал, шын мәнінде, бұл әзілдейтін жағдай емес еді», - деді президент.
Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенти Владимир Путинмен кездесуі қоғамда түрлі пікір туғызды.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздескен болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды», – деп түсіндірді Тоқаев.
Ол бұл кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, олардың елдің ішкі және сыртқы саясатына тигізетін ықпалын түсіну қажеттігін айтты.
Президенттің айтуынша, ол Нұрсұлтан Назарбаевпен айына бір рет байланысып тұрады.
«Біз елдің өзекті мәселелерін талқылаймыз. Мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуы – бәріміз үшін басты басымдық», – деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық