«Азия дауысы» фестивалінің жаңа ашылымы өтті
Сурет: Orda.kz.
Аты аңызға айналған халықаралық «Азия дауысы» фестивалі ұзақ жылдар бойы Орталық Азияның ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығындағы ең танымал фестиваль болды.
Әлем елдерінің өнерпаздары қатысатын өнер сахнасы 19 жылдан кейін қайта жаңғырды. Биылғы жаз алматылықтардың есінде осы жаздың ең көп күттірген айтулы күні арқылы қалатыны сөзсіз.
Жаңадан жаңғырған «Азия дауысы» фестивалі әдеттегідей «Медеу» мұз айдынында өтті. 1990 жылы Алматы тауының бөктеріндегі дәл осы жерде «Азия дауысы» басталған болатын. «Медеу» мұз айдыны мен аттас шатқал қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орынына айналғалы қашан.
Фестивальдің танымал қонақтары арасында Мәдина Сүлейменова, Виктория Момынбаева, Құралай Нұрқаділова, Ерке Есмахан және «Алматы аруы-2023» Мәдина Алухановалар болды.
Сондай-ақ іс-шараға Ерлан Көкеев, Байғали Серкебаев және Кеңес Сейітов сынды қазақ эстрадасының өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, «Халық банкі» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, ұйымдастырушылардың бірі Арманжан Байтасов қатысты.
Дәстүр бойынша жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Ботагөз Алдоңғарова мен Гүлнар Дусматова жүргізуші болды. Сахна төрінде алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтау сөз сөйледі.
«Азия дауысы» нағыз бренд. 20 жыл сахнада болмаған фестивальді халық сағынды. Фестивальдің қайта жаңғырғаны туралы алғаш хабарланғанда, қазақстандықтар бұл бастаманы өте жақсы құлшыныспен қабылдады. Бастаманың біздің бизнесмендер тарапынан көтерілгені мені қатты қуантады, өйткені әлеуметтік жауапты бизнесті мемлекет әрқашан құптайды. Мәдениет және спорт министрлігі талантты жастардың өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін осындай шығармашылық істерді әрдайым қолдайды», - деді министр.
Сонымен қатар «Халық» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова сөз сөйледі.
Одан кейін сахнада Қазақстан өнерпаздарының жас буыны – ZAQ, Ерке Есмахан, RaiM, Мирас Жүгінісов, V $ XVPRiNCE, Орынхан, Молданазар және Ирина Қайратовна тобы өнер көрсетті. Іс-шара аспандағы әсерлі дрон шоуымен аяқталды.
Фестивальдің екінші күні The Black Eyed Peas жеке концерт берді. Үшінші және соңғы күн әр жылдары «Азия дауысы» сахнасында өнер көрсеткен музыка таланттарына арналды.
Үшінші күннің хедлайнері шведтік Secret Service тобының концерті болды. Бұл күндер аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалінің қайта жандануының алғашқы серпілісі болып есте қалатыны сөзсіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық

