Әжесінің көзінше Шерзаттың жүрек тұсына пышақ сұққан: Прокурор айыптау актісінде не деді?
Фото: тікелей эфирден кадр
Шерзат Полаттың ісі бойынша прокурор айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Судья шешімімен сот толықтай ашық өтетіні хабарланды. Прокур айыптау актісін оқып шықты.
Прокурор Ержан Құрақбаевтың айтуынша, бастапқыда «Қамажай» дүкеніне келген күдіктілер сыра сатып алып, ақысын төлеген. Алайда тергеу барысында ақшаның толық түспегені анықталған. Кейін Дархан Әскентай телефонын қуаттау үшін қайтадан дүкенге оралған. Сол сәтте бұған дейін дүкенде болған Шерзат сыртқа шығып, оны бақылап тұрған. Шерзат Дарханды әкесін балағаттады деп айыптаған. Сол кезде түсініспеушілік туындап, прокурордың мәліметінше, Қаржаубай күдіктілердің бірімен сөзге келіп жатқанда, Шерзат әкесін ұрысқанын көріп, Дархан Әскентайды оң көзінен екі рет ұрған. Кейін Қаржаубай дүкен ішіне кіріп, жағдайды көріп, кешірім сұрап, ұлын өзі жазалайтынын, келтірілген шығынды өтейтінін айтқан. Алайда Дархан Әскентай бұған келіспей, таныстарын дүкен алдына шақырған. Сол жерде жанжал басталған.
«Шынасыл кәмелетке толмаған балаға ерекше қатыгездікпен пышақ сұққан. Жасөспірім қашуға тырысып, бірнеше метр жүгіріп барып құлаған», – деді мемлекеттік айыптаушы.
Шынасыл Абзал мен Сәкиев Әли қасақана кісі өлтіру, бұзақылық және қылмысты жасыру баптары бойынша айыпталып жатыр. Тергеу мәліметінше, Шынасыл Абзал 17 жастағы Шерзат Полатты өлтірді деп күдіктелуде. Прокурордың айтуынша, дәл сол адам жасөспірімге пышақ жарақатын салған.
«Күдікті өзімен алдын ала әкелген пышағын пайдаланып, Шерзаттың әкесі, анасы және әжесінің жүргеніне қарамай, солардың көзінше Шерзаттың жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Шерзат жерге отырып қалған», – дейді прокурор.
Содан кейін, тергеу нұсқасы бойынша, қаза тапқан баланың ағасы — Нұрғанат Ғайыпбаевқа жұрт шабуыл жасаған. Шабуылдағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жараланған ұлын Талғар ауруханасына апарғанымен, ол сонда көз жұмған.
Айып тағылғандар:
- Абзал Шынасыл — кісі өлтіру және бұзақылық;
- Равиль Сакиев — кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық;
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Ильясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет — бұзақылық;
- Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) — ауыр қылмыс туралы хабарламау.
Сот процесі алқабилерсіз өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық