«Қазфосфат» компаниясының «Жұлдыз» лагерінде 800 бала демалды
Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы балалар сауықтыру лагерінің басты ерекшелігі – демалыс бағдарламасы, күніне бес мәрте тамақтану.
Лагерьде алғашқы демалушыларды қабылдағанға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Балалар жайлы үйлерде, ашық аспан астындағы бассейнде, кең асханада, ойын алаңында демалады. Биыл "Қазфосфат» лагері жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 120 млн теңге жұмсаған.
Жаңатас қаласы әкімдігінің өтініші бойынша балалар лагерінде компания қаражаты есебінен жетім балалар да демалды. Демеушілік көмек ретінде оларға сыйлықтар, спорттық киімдер мен аяқ киімдер табысталды.
Ауысымның жабылу салтанатында «Жұлдыз» директоры Қарлығаш Қанапина балаларға табыс тіледі. Сондай-ақ, балалардың уақытын қалай өткізгенін айтып берді.
«Мұнда балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балаларға арналған түрлі ойындар, жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, біздің лагерьде ағылшын және қытай, сурет және шахмат үйірмелері бар. Балаларға демалысты дәл осы лагерде өткізу ұнады. Балалардың арасында келесі аусымда біздің лагерьде қайта демалуға шешім қабылдағандар бар» деді Қарлығаш Қанапина.
AB Catering мердігерлік компаниясы директорының орынбасары Лидия Ишимова «Қазфосфат» компаниясы балаларды толыққанды тамақпен қамтамасыз еткенін айтты. Ол үшін арнайы диета жасалған.
Ата-аналар да лагерьде кәсіпорынның әрекетін жоғары бағалады.
«Соңғы екі жылда компания басшылығы мен акционерлерінің біздің балаларымызға ерекше назар аударғаны қуантады. Біз үшін балалардың лагерьде уақытын тиімді өткізуі өте маңызды. Менің үш балам демалып қана қоймай, спорттық шараларға қатысу арқылы денсаулығын жақсартты» деді көпбалалы ана, цех диірменінің машинисі Гүлбаршин Истамбекова.
Әр бала ауысымның жабылу салтанатында сыйлық алды.«Қазфосфат» бұдан бөлек жыл бойы басқа да әлеуметтік шараларға қатысады. Компания спорт кешендерінің құрылысына, балалар алаңдарының құрылысына, демалыс орындарын абаттандыруға үлес қосады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық

