«Азаттық» тілшісіне қоқан-лоқы жасалды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Құлсарыдағы наразылықтардан хабар таратып жүрген журналистке шабуыл жасалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Құлсарыдағы наразылықтардан хабар таратып жүрген «Азаттық» тілшісі Айнұр Сапароваға бейтаныс біреу қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасаған.

Бұл туралы «Азаттық» радиосы Telegram-арнасында хабарлады.

Өзін таныстырмаған адам тілшіні балағаттап, «халық туралы әкімдікке сөз тасып жүрсің» деп айыптаған. Азаттық тілшісі аудандық полицияға арыз жазды»  делінген хабарламада. 

Құлсарыда наразылықтың жалғасып жатқанына бүгін үш күн болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар