Азаттық журналисінің үйіне ұры түсіп, ноутбук пен диктофонды алып кеткен
«Азаттық радиосының» журналисі Асылхан Мамашұлы үйін тонап кеткенін айтты. Оның құнды заттарын, ноутбугы мен диктофонын алып кеткен.
Асылхан Мамашұлының айтуынша, оқиға кешкі сағат 17:00 мен 21:00 арасында болған. Полиция қызметкерлері саусақ іздерін алып, тонау туралы арызды қабылдады.
— Үйде аса қымбат ештеңе жоқ: ақша да, алтын да. Кітап сөресін ашып, барлығын ақтарып, кітаптар арасынан ақша іздеген. Үйдің астаң-кестеңі шығып жатыр, - деді журналист.
Мамашұлы бұл тонауды өзінің журналистік мансабымен байланысы бар-жоғын білмейді, сонымен қатар ол бұл жерден саяси астар іздемейтінін жеткізді.
— Журналистік мансабыммен байланысты деп айта алмаймын. Мұндай жағдай жиі болады. Ноутбукты, диктофонды және штативтегі кішкентай камераны ұрлап кеткен. Әрине, оларға диктофонның неге керек болғанын білмеймін. Бәлкім ұры болашақта журналист болғысы келетін шығар, - дейді еңсесін түсірмеген Асылхан Мамашұлы.
Сонымен қатар, журналист соңғы уақытта «айқайы мықты дүниемен айналыспағанын» айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық