Азаттық тілшілері сайлау учаскелеріне кіре алмады
10 қаңтар күні таңертең Алматы қаласы мен облысындағы сайлау учаскелерінен ақпарат тарату үшін барған Азаттық тілшілерін «ПТР-тест жоқ» деп сайлау учаскесіне кіргізбеген. Қаладағы №173 сайлау учаскесіне барған Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттан өзін сайлау комиссиясының төрағасы ретінде таныстырған Нұржан Искаков ПТР-тест талап еткен. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады, деп жазады ORDA.
Бұған дейін бас санитар дәрігердің қаулысында ақпарат құралдары өкілдерінен ПТР-тест талап етілмейтіндігі туралы жазған болатынбыз.
«Мен бақылаушы емеспін, ақпарат құрал өкілдерінің ПТР-тест тапсыруы міндетті емес дедім. Бірақ соған қарамастан «арандатпаңыз, шығыңыз» деп телефонымды жұлып алып, қолымды қайырып күшпен шығарып жіберді», - деді Аян Қалмұрат.
Осындай жағдай Алматы қаласындағы №350 және Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылындағы №894 және №893 сайлау учаскелерінде де қайталанған. Бас санитар дәрігердің қаулысына сүйенген Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлы сайлау комиссиясы өкілдеріне журналистерге ПТР-тест қажет еместігін айтса да, ақпарат таратуға мүмкіндік бермеген.
29 желтоқсанда бас санитар дәрігердің қабылдаған қаулысына сәйкес, сайлау кезінде тек партияның сенімді өкілдері, сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылардың ғана ПТР-тестен өтуге міндеттелген. Бұқаралық ақпарат құралдарын өкілдеріне ПТР-тестен өту туралы айтылмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық