Азат Перуашев: «Асқар Садықовтан құтылдық»
Коллаж Orda.kz
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев тілшімізге экс-депутат Асқар Садықовты партиядан неге шығарғанын түсіндірді. Ол қылмыстық істі күтпей-ақ, шығарғандарын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз, саяси партия ретінде тәртіп мәселесіне назар аудардық. Ұйымның «еті тірі» болып, жұмыс істеп тұруы керек. Онда тәртіп болуға тиіс», — деп сөз бастады Азат Перуашев.
Перуашев партия кез келген қылмыстық істің болуын күтпей, Садықовтың іс-әрекеттері туралы ақпарат алған сәтте одан дереу «құтылу» туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Ол депутат ретінде білгенімді істеуге құқым бар деп ойлады. Жақсы, біз оны босатып жібердік. Енді өзі үшін жұмыс істесін және дұрыс деп ойлағанын істесін», — деді партия төрағасы.
Еске сала кетсек, Асқар Садықов қызметкеріне харрасмент жасады деп айыпталған болатын. Whatsapp-тағы хаттар әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Бұл жағдайдан соң қызметкер арыз жазған болатын.
Содан соң 5 қыркүйекте болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын «Ақ жол» партиясынан шығарылған мәжілісмен Аскар Садықов айтты.
Өзінің бейнеүндеуінде ол сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша айыптарды жоққа шығаруға тырысып, партия жетекшісі Азат Перуашевты айыптады.
«Ол, бәлкім, өзінің орынбасарының Ұлттық гвардия генералына пара бергені туралы жаңалықтарды қадағалап, ақпаратты бұрмалаймын деп шешкен шығар. Мені өздеріңнің лас ойындарың мен манипуляцияларыңа қоспаңыздар. Мен үндемей қалмаймын. Мұндай мәлімдеме партия жетекшісінің деңгейіне сай емес. Соның өзінде Азат Перуашев халықты бірнеше рет адастырды», — деді Асқар Садықов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық